USD
USD
USD

Көлік салығын төлеу 1 сәуірге дейін созыла ма?

​​Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті. 

Көлік салығын төлеу 1 сәуірге дейін созыла ма?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл норма тұрақты болып табылады. Осы заңға сәйкес жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осылайша, жаңа түзетулер жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі есепті жылдан кейінгі жылдың I тоқсанының соңына ауыстырылады.

Яғни, көлік иелері 2020 жылға арналған темір тұлпарына салықты 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлей алады. Бұл норма тұрақты болып табылады.

Комитетте атап өткендей, бұндай жаңашылдықтар жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін дұрыс есептеу және көлік құралдарын иеленудің нақты мерзімінің өзгеруіне байланысты артық төлемнің пайда болуын болдырмау, көлік құралдарына қате (артық) төленген салықты қайтаруға байланысты әуре-сарсаңға салуды болдырмау мақсатында енгізіліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы