Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көлік салығын қалай есептеуге болады?

Азаматтардан өтініштердің көптеп түсуіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдары салығын қалай оңай есептеуге болатынын еске салды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Көлік салығын қалай есептеуге болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz порталындағы калькуляторды ашып, онда салық кезеңін, көлік құралының түрін және қозғалтқыш көлемін көрсетсе болды.

Электронды сервис тиісті салықты өзі есептеп береді. Калькулятор порталдың негізгі экранындағы «Электронды сервистер» бөлімінде орналасқандықтан, оны жылдам табуға болады. «Биылғы жылдан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғалардың 2020 жылға арналған көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу керек», – деп хабарлайды Комитеттің баспасөз қызметі.

Осыған орай, өсімпұлдарды есептеу алгоритмі де қайта қаралған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 31 желтоқсанда жеке тұлғаларға мүлік, жер және көлік салықтары бойынша салықтық рақымшылық аяқталғанын хабарлап, осы мүмкіндікті еліміздің 1 млн.-нан астам азаматы қолданғанын және олардың 2 трлн. теңге сомасындағы салыққа қарыздары кешірілгенін жеткізген болатын.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық