USD
USD
USD

Көлік полицейлері заңсыз майнинг фермасын анықтады

  Алматы-1 стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды стансасының теміржол трассасының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, майнингпен заңсыз айналысқандарды ұстады.

Көлік полицейлері заңсыз майнинг фермасын анықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінен мәлім болды. Департамент басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, көлік полициясының тексеруі кезінде криптовалюталарды шығаруға арналған 130 қорап тау-кен техникасы, сондай-ақ қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектері табылып, тәркіленді. «Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде», – деді полиция генерал-майоры. Әзірге Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын да ескертті. 

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері