USD
USD
USD

Көлік нөмірінің цифры мен әріптерін таңдау қызметі енгізіледі

Елімізде көлік нөмірінің цифрлары мен әріптерін таңдауға мүмкіндік беретін қызмет түрі енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жариялады.

Көлік нөмірінің цифры мен әріптерін таңдау қызметі енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматыда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ішкі істер министрлігімен бірлесе жоғары сұранысқа ие автокөлік нөмірлерін сату қызметін енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар мұндай мемлекеттік нөмірлерге электронды үкімет порталы және eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады. Өткен жылы отандастарымыз шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлерді сатып алған. Биылғы жылы 3 млрд теңгеге 8 мыңнан астам нөмір берілген. Маған басқа да арналар арқылы қажетті нөмірлерге тапсырыс беруге болатындығы туралы ақпарат келіп жатады. Бұл жағдаймен барынша таныспын. Сондықтан біз мемлекеттік нөмірлерді таңдауға бағытталған қызметті енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз», - дейді Б.Мусин.

Министрдің айтуынша, көлікке нөмірді таңдау қызметі арқасында әріп белгілерін де өз бетінше белгілеуге мүмкіндік болады.

«Мұндай функцияның көмегімен клиент кез келген әріптік нөмір белгілерін таңдай алады. Мысал ретінде алсам, сатып алушы өз есімінің алғашқы үш әрпін енгізу арқылы қалаған нөміріне қол жеткізе алады. Бұл қызмет түріне бізде үлкен сұраныс бар.

Бүгінгі таңда мұндай қызметті жүзеге асыру үшін жоғары сұранысқа ие нөмірлердің тізбесін ұлғайтуды заңнамалық түрде бекітуіміз қажет.

Осы орайда, біз Парламенттен қолдау табамыз деген үміттеміз. Себебі, осындай нөмірлерді сату арқылы бюджетке қосымша қаражат түсіретін едік», - деді Бағдат Мусин. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.