Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Көлік бағасы қымбаттап жатыр

Ресейлік "Коммерсант" басылымы металпрокат құнының күрт артып, машина жасаушылардың шағымданып жатқанын жазды, дейді kolesa.kz.

Көлік бағасы қымбаттап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Трактор мен комбайн өндірушілер үшін баға өсімі 35-50%-ды құраған. Автокөлік құрастыратын кәсіпорындарды да осындай жағдай күтіп тұр.

Ақырғы өнім қымбаттап кетпес үшін машина жасаушылар билікке жүгініп, металл жабдықтардың шығынын азайтуға мүмкіндік беретін ішкі тұтынушыларға арналған құбылмалы экспорт салығын енгізуді сұрамақ.

Шикізат бүкіл әлемде қымбаттап жатыр. Мысалы, желтоқсанда Қытайдағы CFR темір кенін өндіретін базисте өнім бағасы 70 %-ға, ал Түркияда 73 %-ға өскен.

Егер билік дұрыс шешім қабылдамаса, өнеркәсіп компаниялары табыстан қағылмас үшін өнім бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бұл жағдайда автокөлік екі есе қымбаттайды деп айту қиын, дегенмен көлік құны 10-15 % өсуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы