USD
USD
USD

 «Көлік алып беремін»: Елордада алаяқтар 280 адамды алдап кеткен

Елордалық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу салынған «Nur-AvtoKz» ЖШС директорының орынбасарын ұстады.

 «Көлік алып беремін»: Елордада алаяқтар 280 адамды алдап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың қыркүйегінен полицияға 280 тұрғын шағым түсірген. Компания басшылығы олардың ақшалай қаражаты мен автокөліктерін алаяқтық жолмен иеленген.

«Компания басшылығы нарықтағыдан арзан бағамен 45 жұмыс күні ішінде автокөлік әкеліп береміз деп шарт жасасқаны анықталды. Ақшалай қаражатты сатып алушылар ЖШС-ның кассасына төлеген. Клиенттерге келген ірі көлемдегі материалдық залал 3 млрд теңгеден асады» делінген хабарламада.

Елордалық полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтық жасады деген айып тағылған 35 жастағы ЖШС директоры 2021 жылдың қазанынан тергеу органдарынан қашып, оған іздеу салынған болатын. Оған қатысты тергеу сотының шешімімен «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды» делінген елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Күдікті қамауға алынып, Ақтау қаласындағы уақытша изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов