USD
USD
USD

Көлігінен 21 келі марихуана мен гашиш табылды

Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Жамбыл облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 36 жастағы жігіттің көлігінен 21 келіден астам марихуана мен 1 келіден көп гашиш табылды.

Көлігінен 21 келі марихуана мен гашиш табылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. 10 сәуір күні ҚР ІІМ және Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының бойында Арал ауданының Шижаға елді-мекені тұсында күдік тудырған жеңіл автокөлік тоқтатылды. Автокөлік жүргізушісі 36 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Жедел-тергеу тобымен қарау жүргізу барысында автокөліктің артқы жүк салғышындағы бензин багінен 2 литрлік 8 дана және 1 литрлік 26 дана, 1,5 литрлік 1 дана пластикалық бөтелкелерге бөлек-бөлек салынған есірткі затына ұқсас жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар зат анықталған. Сонымен қатар 1 литрлік 1 дана пластикалық бөтелкеге салынған есірткі затына ұқсас сұр түсті ұнтақ зат анықталып, заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар жалпы салмағы 21 кг. 458,85 гр., “кептірілген марихуана” және 1 кг. 345,75 гр. “гашиш” есірткі заты екендігі анықталды.
Бүгінгі күні күдікті Арал ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3 – тармағымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының бас бостандығын 2 жылға шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі