USD
USD
USD

Көлгіновтің жұбайы қанша табыс тапқан?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап саяси қызметшілердің табыс декларациясын міндетті түрде жариялау талап етіледі. Шенеуніктер бұл деректерді желтоқсан айының соңына дейін ашық түрде ұсынуы тиіс болған.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Кейбір министрліктердің ресми сайттарында шенеуніктердің кіріс пен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтері жариялана бастады. Алайда құжаттардың көбінде лауазымды тұлғалардың жұбайларының табысы ғана көрсетілген.

Мәселен, Сыртқы істер министрлігінің сайтында Қазақстанның Эстониядағы елшісі Алтай Көлгінов пен жұбайының декларациядағы мәліметтері жарияланған. Дерекке қарағанда, Алтай Көлгінов 2024 жылы қосымша 0 теңге, ал оның жұбайы Жанар Келімбетова 16 967 301 теңге табыс тапқан.

Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты
Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықованың 88 млн теңгеден астам табыс тапқанын жазған едік.

Ал ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың жұбайы Гүлнұр Дарбаева 2024 жылы 69 605 000 теңге табыс тапқан. Бірақ министрлік жариялаған мәліметте бұл табыс қайдан түскені көрсетілмеген.

Қаржы министрлігінің сайтында қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың жұбайы Жібек Тұрысованың табысы көрсетілген – 6 800 000 теңге.

Қаржы министрлігінің ресми сайты
Қаржы министрлігінің ресми сайты

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың жұбайы Нұргүл Ластаеваның қосымша табысы 5 300 000 теңге деп көрсетілген.

Қорғаныс министрлігінің сайтында да әзірге қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіровтің жұбайы Майра Қожатайдың табысы туралы мәлімет жарияланған. Ол 2024 жылы қосымша 34 млн теңге табыс тапқан.

Ал сауда және интеграция вице-министрі Асет Нүсіповтің жұбайы Мәдина Мұнайтбасова 2024 жылы қосымша 450 000 теңге табыс тапқан.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы