USD
USD
USD

Алғашқы айыппұл: Көлігін 5 минуттан артық жылытқан жүргізушіге айыппұл салынды

Петропавл тұрғыны көлігін 5 минуттан артық жылытамын деп айыппұл арқалады, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Көлік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы қала тұрғыны әлеуметтік желіде бөліскен. Көршілерінің біреуіне оның әрекеті ұнамай, «102» нөміріне хабарлап, полиция шақыртқан. Енді ол 5 АЕК мөлшерінде – 20 мың теңге шамасында айыппұл төлемек.

Өңір тұрғындары айыппұлдың бұл түрімен мүлдем келіспейді.

Ауа температурасы кейде 40 градусқа дейін төмендейтін аймақ үшін көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес. Яғни өңірдің ерекшелігі есепке алынбаған.

Жақында ІІМ айыппұлдың осы түріне қатысты түсінік берді. Әкімшілік полиция комитеті өкілдерінің айтуынша, бұл – жаңашылдық емес, Жол жүрісі қағидалары ережесінің бұл талабы 20 жылдан бері бар. Егер көлік құралы жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен бес минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, онда бұл жағдайда ҚР ӘҚБтК 597-бабының 1-бөлімі бойынша көлік иесіне айыппұл салынады.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары осы заң бұзушылық үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етпейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы шағым келіп түскен кезде және дәлелдер болған кезде ғана іс қозғалмақ.

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым