Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Көлігім ұрланды» – Алматы облысының тұрғыны полицияға жалған ақпарат берген

Алматы облысында полиция көлігі ұрланғаны жайында жалған ақпарат берген күдіктіні әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері 46 жастағы Дағыстан Республикасының азаматын ұстады. Ол өзі сатқан көлігінің ұрланғаны туралы хабарлап, құқық қорғау органдарын адастыруға әрекеттенген.

– Ер адам қымбат көлікті ұрлау туралы жалған өтінішпен жүгінді. Алайда, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің көлікті сатып, қасақана жалған ақпарат бергенін тез арада анықтады, – дейді Талғар аудандық полициясы.

Сондай-ақ ұсталған адам бұрын Ресей Федерациясының аумағында осындай схеманы жүзеге асырғаны туралы анықталды. Ол кезде ол көлікті қасақана өртеп жіберіп, сақтандыру төлемін алған, содан кейін осыған ұқсас көлікті сатып алып, тұра сондай алаяқтық жасауды көздеп, Қазақстанға келген.

Көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат