USD
USD
USD

Көлгінов жұмысқа таксимен келеді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жұмысқа таксимен келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы берген есебінде айтты.

Көлгінов жұмысқа таксимен келеді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. "Біз бірнеше жыл бұрын жұмысқа қызметтік көлікпен емес, таксимен келу туралы шешімге келген болатынбыз. Бүгінде де біз бұл шешімді өзгерткен жоқпыз. Әкімдікпен жұмыс жасайтын такси қызметі бар. Бұл ешқандай көзбояушылық емес. Әкімдер, басқарма басшылары, олардың орынбасарлары да такси қызметін пайдаланады. Мен Toyota Camry маркалы көлік мініп жүрмін. Менің орынбасарларым да Қазақстанда шығарылған көлік мінеді. Осы такси қызметіндегі көліктермен күнделікті жұмысқа барып келеміз", - деді елорда әкімі. 

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров