USD
USD
USD

Көлгінов шұғыл жиын өткізді

Ел астанасында ауа райының күрт суытуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов   отырыс өткізіп, тиісті тапсырма берді. 

Көлгінов шұғыл жиын өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біріншіден, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген қызмет түріне көшеді. Тәулік бойы жұмыс істейміз. «101», «102», «103» қызметтері бұрынғы режимде жұмыс істеуі тиіс. Қазір жұртшылық тарапынан iKomek109 бірыңғай байланыс орталығына сұрақтар көптеп түсіп жатыр. Осы қызметтер бойынша бірінші кезекте барлық басқарма басшылары мен аудан әкімдері жұмыс істеуі керек», – деді Алтай Көлгінов.

Қала басшысы жиын барысында аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

«Аудан әкімдері, өздеріңізге тапсырылған аумақты қардан тазарту және шығару бойынша, әсіресе жеке ұйымдармен, заңды тұрғыда іргелес жатқан аумақтарды тазалауға міндетті кәсіпорындармен жұмысты ұйымдастыруды тапсырамын. Сондай-ақ, аулаларда қиындық тумас үшін ПИК-термен тиісті жұмыс атқарылуы тиіс. Ал біз ең бірінші кезекте магистральді жолдарды, әлеуметтік нысандарды, ірі сауда-ойын-сауық орталықтарын, әкімшілік ғимараттарды, мектептерді, балабақшаларды, ауруханаларды тазалаймыз, ал аула ішін ретке келтіру – бұл ПИК-тің жұмысы. Мұнда учаскелік полицейлерді де тарту керек», – деп атап өтті Көлгінов.

 Сондай-ақ, қала әкімі әлеуметтік желілерде жалған хабарламалардың таралуына байланысты ресми ақпаратты ұстану қажеттігін атап өтті.

«Тұрғындардың сабырлылық пен шыдамдылық танытуын сұраймыз. Біз бар күшімізді осы бағытқа жұмылдырып отырмыз. Ауа райына байланысты қажет күш пен техникалар жеткілікті. Біз үшін ең бастысы – қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жолдардың ашылуы. Әлеуметтік желілерде 4 күн жұмыс болмайды деген жалған ақпарат тарап жатыр. Полиция бұл ақпараттың қайдан таралғанын анықтап, жауапкершілікке тартуы керек. Біз жұрт арасында жалған ақпарат тарауына жол бермейміз», – деді әкім.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды