Көлгінов шектеу шараларының қатаңдатылуы мүмкін екенін ескертті
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шектеу шараларының қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Жарлығының (Төтенше жағдай режимі туралы) дер уақытында қабылдануының арқасында вирустың таралуына жол бермеу мәселесін бақылауға ала алдық. Және де қазіргі уақытта вирустың мұнан да көптеп таралуына жол бере алмаймыз. Бұрынғы қалыпты өмірімізге қайта оралуымыз біздің әрқайсымызға байланысты», - деді қала басшысы. Оның атап өтуінше, елорда тұрғындарының қауіпсіздік шараларын сақтамау фактілері әлі де болса кездесіп жатыр. «Біз жаңа жағдайда өмір сүруге үйренуіміз қажет. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында құрылыс нысандарынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерге мониторинг жасап отырамыз», - деді Алтай Көлгінов.
Қазір оқып жатыр
Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

