USD
USD
USD

Көлгінов мұғалім мен дәрігер мамандықтарына 1300 грант бөледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ әкімдіктің жоғары білім алуға бөлетін гранттары туралы айтты.

Көлгінов мұғалім мен дәрігер мамандықтарына 1300 грант бөледі
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Апта сайын тұрақты түрде азаматтарды қабылдап тұрамыз, аудандарымыз бен елді мекендерімізді аралап, тұрғындармен кездесеміз. Осыған дейін айтқанымдай, қала тұрғындарынан келіп түсетін негізгі сұрақтардың бірі – тұрғын үй мәселесі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік пәтерлерді салу көлемі едәуір артты, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санаты кеңейтілді, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы енгізілді, тұрғын үй сертификатының сомасы ұлғайды», – деп жазды Instagram-да Алтай Көлгінов.

Ол жоғары білім алу да жүйелі мәселелердің бірі болып саналатынын баса атап өтті. Алдағы жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға жалпы саны 1300 грант бөлу жоспарланып отыр. Ал оқуын тәмамдағаннан кейін жастарды жұмысқа орналастыру мәселесімен әкімдік айналысатын болады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер