USD
USD
USD

Көлгінов мереке алдында елордалықтарға үндеу жасады

  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шаһар тұрғындарына үндеу жасады.

Көлгінов мереке алдында елордалықтарға үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Тура бір жыл бұрын елімізде әлемдік пандемияға байланысты төтенше жағдай енгізілді. Қала аумағында блокпостар орнатылып, «коменданттық сағат» жарияланды. Содан бері медицина қызметкерлері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде келеді. Мемлекет жедел қабылдаған шаралардың арқасында індеттің таралу қаупін азайту мүмкін болды. Дегенмен, вирус әлі де бар» деп жазды қала басшысы Instagram парақшасында.

Әкімнің сөзінше, қазір елорда – «қызыл» аймақта. Бірқатар қосымша шектеулер қойылды. Санитар дәрігерлердің айтуынша, тіркелген жағдайлардың өсуі – мерекенің алдында және мереке күндері байқалады.

Осы жексенбі – 21 наурызда қалада локдаун жарияланады.

«Барлық бұқаралық шараларға тыйым салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе де қауіп төндірмеуі керек. Жағдайға немқұрайлы қарай алмаймыз, себебі індетке қайта шалдығу қаупі бар. Коронавирусты жеңіп шыққанның өзінде де денсаулықты күткен жөн. Қиын кезеңнен ауызбіршілікпен өтуіміз керек. Инфекция жұқтырған адам санының күрт өсуіне жол бермеуіміз керек. Коронавируспен күресудің тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, санитария нормаларын сақтап қана қалыпты өмірге орала аламыз» деп ескертті Алтай Көлгінов.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған