USD
USD
USD

КӨЛГІНОВ қызметінен кетті

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

КӨЛГІНОВ қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлігновті Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты.

Кеше ғана Мемлекет басшысы Астананың әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІ қабылдап, елорданың сумен қамтамасыз етілу жағдайы туралы баяндамасын тыңдаған. Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдауды тапсырған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болатыны ескертілген. 

Көлгіновтің бұл кетісі Астанадағы су тапшылығына тікелей байланысты болуы мүмкін. Өйткені А.Көлгінов Астана қаласының әкімі болып тұрған тұста құрылыс саласында көптеген қателік жіберілгені, қаладағы су тапшылығының негізгі себебі осы екені талай мәрте айтылған еді.  

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама