USD
USD
USD

Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов COVID-19 індетін жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты елордалықтарға үндеу жасады.

Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала жабылмауы үшін әр тұрғын жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінуі керек, деп атап өтті Көлгінов. Әкім Instagram-дағы парақшасында қала "сары" аймаққа өткендіктен, қазіргі кезеңде карантинді жеңілдету туралы мәселе көтерілмейтінін жазды.

«Шағын және орта бизнес нысандары кезек-кезекпен жұмысын тоқтатып, қала аумағы бойынша блок бекеттер орнатылып, қала жабылмауы үшін әр тұрғын жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінуі керек», – деп атап өтті Көлгінов.  

Қала басшысы жедел штаб отырысында негізгі мәселелер қаралғанын мәлімдеді.

«Бірінші. Полиция қызметкерлері мен санитар дәрігерлер рейдтерді күшейтуге және карантинді бұзу фактілерін анықтауға көшті. Бұл санитария ережелерін сақтамай, бүкіл қаланың өміріне қауіп төндіретін немқұрайлы кәсіпкерлер үшін сигнал болуы шарт.

Түнде ойын-сауық мекемелерінде жүрген ереже бұзған азаматтар әсіресе егде жастағы тұрғындардың денсаулығына қаншалықты кері әсерін тигізіп жатқандарын әлі түсінбей келеді.

Екінші. Медицина мекемелері қосымша жабдықтармен, қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен және т.б. жабдықталған. Материалдық-техникалық база дайын, бірақ бір мезетте жағдай ушығып кетсе дәрігерлер барлық науқасқа жетпейді.

Үшінші. ПТР-зерттеумен көбірек қамту үшін көпбейінді қалалық ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде және стационарлардың акушерлік блоктарында изотермиялық шағын-зертханалар ашылды. Бұл шұғыл түрде түскен пациенттер арасында коронавирустық инфекция тасымалдаушыларын анықтауға және уақтылы ем көрсетуге мүмкіндік береді.

Төртінші. КВИ-ға биоматериал алу зертханаларының саны 15-ке дейін артты. Зертханалар тәулігіне 10 мыңнан астам зерттеу жасай алады.

Бесінші. Қалалықтарға қызмет көрсететін автобус парктері, шаһарды санитарлық тазалаумен және абаттандырумен айналысатын коммуналдық кәсіпорындар, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандар (ЖЭО, Астана су арнасы, Астана-АЭК және т.б.) ерекше бақылауға алынды. Қызметкерлер жиі тексеріледі», – деп жазды ол.

 

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.