USD
USD
USD

Қоластындағы қызметкері парамен ұсталған Текелінің әкімі жұмыстан кетуге арыз жазды

Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев 27 тамызда отставкаға кетті.

Қоластындағы қызметкері парамен ұсталған Текелінің әкімі жұмыстан кетуге арыз жазды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Текелі қаласының әкімі Өнербаевтың отставкасын қабылдау-қабылдамау туралы шешім шығарылуы тиіс деп күтілуде, деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Айта кету керек, 27 тамызда Текелі әкімдігі аппаратының жетекшісі Норқұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін (22 тамыз) отставкаға кетуге өтініш білдірді.

Бұған дейін Текелі қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге шығып, әкімдерін жұмыстан шығармауды өтініп сұраған болатын. Халықтың сөзінше, Б. Өнербаев Текеліге әкім болып келгелі құрылыс жанданып, баспанасыздар үйлі болып, көшелер жөнделіп, көп жұмыс атқарыла бастаған.

Естеріңізге сала кетейік, Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы 1,5 млн теңге парамен ұсталып, қылмысы дәлелденген болатын. 1978 жылғы шенеунік енді алған парасын он есе қылып мемлекетке қайтарып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот оған 15 млн теңге айыппұл салды. Алғашқы еңбек жолын қарапайым күзетші болып бастаған Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы парамен ұсталғанда ағыны күшті суға секіріп, өз өміріне қауіп төндіріп қашқан болатын.

"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 60-бабы, 2-тармағына сәйкес, отставканы қабылдау немесе оны кері қайтару туралы шешім бір ай ішінде қабылдануы керек (Президент Әкімшілігімен келісім бойынша).

Заң бойынша қоластындағы мемлекеттік қызметкер парамен ұсталса, оның басшысы қызметінен кетуі тиіс. Енді Б.Өнербаев орнында қала ма, жоқ па - белгісіз. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.