USD
USD
USD

Қол-аяғын жұлып алған — «Пираты Карибского моря» фильмінің актері акуланың шабуылынан қаза тапты

«Пираты Карибского моря» фильміндегі рөлі арқылы танымал Тамайо Перри акуланың шабуылынан қайтыс болды. Оның денесі қолы мен аяғы жоқ жоқ күйде жағаға шыққан. 

Тамайо Перри
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 49 жастағы актердің денесі 23 маусымда Оахудың солтүстік жағалауындағы Малаекахана жағажайынан табылды.

Жергілікті серферлер Тамайоны аман алып қалуға тырысқан, бірақ ол тым көп қан жоғалтты. Акула оның қолы мен аяғын жұлып алған.

Тамайо Перри
Фото: ғаламтордан

Тамайо Перри жағажайда құтқарушы болып жұмыс істеген, ал бос уақытында ол «толқындарды қуалап», серферлікпен айналысқан. 23 маусымда ол жағалаудан тым алысқа ұзап кетіп, жақындап келе жатқан акуланы байқамаған. 

Қайғылы оқиғадан кейін жергілікті жердің қауіпсіздік қызметкерлері аймақта акулалар туралы ескертулер жариялады.

Актер 2015 жылы кинодағы мансабын тоқтатып, қалған өмірін мұхит жағасында өткізуді қалаған.

Қазір оқып жатыр

Германиямен ғылыми-технологиялық ынтымақтастық Қазақстан экономикасына қандай мүмкіндік береді?

Анель Киреева

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова