USD
USD
USD

Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады

Дау-дамайы көп жайлау – Көкжайлауда жекенің құрылысы жүрмейді. Айрықша қорғалған аймақты ұлттық парк аумағына қайтару жұмысы бітуге жақын қалды.

Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық парк өкілдері қазір жер телімдерін толығымен қайтарып алу үшін тек тиісті құжаттарға қол қойса болғаны. Осылайша тау-шаңғы курортын салу үшін кезінде бөлінген мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайта өтетін болды, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Тауға шығып серуендегенді ұнататындар үшін ждағымды жаңалық. Көкжайлауда бұдан былай ешқандай күрделі құрылыс салынбайды. Жабайы табиғат аясы бүлінбеген күйі «Іле Алатау» ұлттық паркіне берілуде».

«Көкжайлау» жобасы басталмай жатып дауға тудырған болатын. Табиғат жанашылары мен экологтар бұл қаланың тынысын тарылтумен бірдей деп өре түрегеліп, наразылық білдірді. Осылайша, тараптардың текетіресіне Президен нүкте қойған болатын.

Бір жылдан бері кезінде ұлттық парктен алынған жерлерді қайтару жыр болған еді. Қазір бұл процесі аяқталуға таяп қалыпты. Орманшылар ол жерлердің әр өсімдігіне дейін жақсы білеміз, абырой болғанда бірде бір ағаш кесілмеді деп отыр.

«Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аға орманшысы Райхан Мұхамеджанова: «Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Сол өткізілген 1002 гектар қайтадан біздің ұлттық парктің орман қоры аумағына аударылады. Қазіргі таңда Медеу филиалының үш орманшылығынан бөлініп алынған жерлер, сол жерлер сол бойында болашақта қайтып өзімізге келеді» деді.

Ал өткен жылы Іле-Алатау паркінің біраз бөлігі 49 жылға инвесторларға жалге берілген болатын. Бүгін алғашқы визит орталығы ашылды. Екі аптаның ішінде бұл жерге 300-ден астам адам келіп үлгеріпті. Жалғыз аяқ жолдар мен туристік бағыттан туралы ақпарат беріп, тамақтанып, тынығуына болады.

Қазақ туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова: «Шетелдік және отандық саяхатшылар бұл жерден қажетті ақпараттар, тиісті бағыттар туралы сәліметтер алатын болады. Атап айтқанда, жалғыз аяқ жолдардың бағымен қашықтығы, қандай сүрлеулері бар сақтану жолдары көрсетіледі» деді.

Инвесторлар туристерді тарту үшін барынша жағдай жасауды көздеуде. Өткен жылы 900 миллион теңге жұмсаса, биыл жыл соңына дейін 2 миллиард теңге инвестиция салуды көздейді.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров