USD
USD
USD

Көктөбеде төбелес шығарған 6 үндістандық студент депортацияланады

2025 жылдың 8 қаңтарында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет дәлізінде Жаңа жыл түні студенттер арасындағы жаппай төбелес үшін алты адамның елден шығарылатынын мәлімдеді.

Үндістер
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта Алматы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

– Сол тергеудің нәтижелерін күтеміз. Үндістан елшілігімен тікелей байланыстамын, елшімен де сөйлестім. Осылайша, бірлесіп, жанжалға қатысқан студенттерді депортацияға жіберу шешімін қабылдадық. Бұл біздің ішкі нақты позициямыз. Жақында Президентіміз «Ана тілі» газетіне сұхбат берді. Кез келген шетелден келген азаматтар өз елінде қалай заң сақтаса, Қазақстанда да солай қатаң заң сақтауға міндетті. Сондықтан тергеу шешімі қандай болса да, біз Үндістан елшілігімен бірлесіп, 6 студентті депортацияға жібереміз, – деді министр Үкіметте өткен брифингте.

Жаңа жыл түні Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын шетелдік студенттер арасында Көктөбедегі дәмханалардың бірінде жанжал шығып, ол жаппай төбелеске ұласты.

Қазір оқып жатыр

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер