USD
USD
USD

​«Көктөбе» телемұнарасы жер сілкінісіне қаншалықты дайын?

Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, «Көктөбе» телемұнарасы қолданыстағы сейсмикалық тұрақтылық нормаларына толық сәйкес келеді.

kazteleradio.kz
Фото: kazteleradio.kz

Астана, NEGE. «Көктөбе» телемұнарасы «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының балансында.

«Тәуелсіз техникалық зерттеп-қараудың, cоның ішінде 2024 жылы жүргізілгеннің нәтижелері бойынша телемұнараның қолданыстағы сейсмикалық төзімділік нормативтеріне сәйкес келетіндігі расталды. Конструкцияның қауіпсіздігіне, конструкциялық орнықтылығына және нысанды әрі қарай пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер анықталған жоқ. Тіреу конструкциялары техникалық жағынан сенімді әрі пайдалануға жарамды деп танылды», – деді Бектенов сенаторлардың сауалына берген жауабында.

Премьер-министр «Көктөбе» телемұнарасына баратын жол туралы да ақпарат берді: 2024 жылы Алматы қаласының әкімдігі ұзындығы 0,388 км болатын учаскеге орташа жөндеу жүргізді. Жол төсемінің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған, бұл учаске 2027 жылдың соңына дейін мердігер ұйым «Алматы Дормеханизация» ЖШС-нің кепілдігінде тұр. Телемұнараға апаратын қосымша (кірме) жол салу мәселесі Алматы қаласының әкімдігі тарапынан 2026 жылға арналған құрылыс жұмыстарын жоспарлау шеңберінде қарастырылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев