USD
USD
USD

Көктемде 285 елдімекенді су басуы мүмкін

Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Әмриннің мәлімдеуінше, биыл бес өңірде қатер жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көктемде 285 елдімекенді су басуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. "Қар суы, топырақтың күздегі ылғалы және жердің тоңын талдай отырып, оның үстіне қар астында мұз қыртысының болуын ескеріп, бес өңірге қатер төніп тұрғанын білдік. Олар: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары. Орташа қауіпті аймақтар: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары ", – деді Әмрин баспасөз мәслихаты барысында.

"Қазгидрометтің" алдын ала болжамына сүйенсек, биылғы ылғал қорының көлемі Ақмола облысының Сілеті өзені бассейнінде, Қостанай облысының Торғай және Қараторғай өзендері бассейндерінде, Батыс Қазақстан облысының Шежін-2 және Утва өзендері бассейндерінде, ШҚО-ның Бұқтырма су қоймасы аймағының тау өзендері бассейндерінде және Шүлбі су қоймасы ағынында орташа көпжылдық мәнінен жоғары.

Қарағанды облысының Тоқырау өзені бассейнінде, Ақтөбе облысының Ойыл өзені бассейнінде топырақтың күзгі ылғалы орташа көп жылдық мәннен жоғары, бұл да су тасуына әсер етуі мүмкін.
 

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

PSA

«Рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері болған»: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жол апаты