USD
USD
USD

Көкшетаулық фармацевт 1 миллион теңге жымқырған

Көкшетаулық фармацевт 1 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Көкшетаулық фармацевт 1 миллион теңге жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Ведомствоның мәліметінше, биылғы мамырдың 2-де Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Арыз иесінің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде түгендеу жүргізу барысында жетіспеушілік анықталған. Келтірілген шығын сомасы 1 миллион 300 мың теңгені құраған.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 189 бабының 2-ші бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Ол осы дәріханада фармацевт болып жұмыс істеген 28 жастағы қала тұрғыны. Әйел бұрын сотталмаған. Ол өз кінәсін мойындады, жағдайды түсіндіріп, мүмкін, дәрі-дәрмектерді сату туралы кассалық аппаратты тексеруді ұмытып кеткенін айтты. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға