USD
USD
USD

Көкшетаудың айналма жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Елімізде жолдарды орташа жөндеуден өткізуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көкшетаудың айналма жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көлік басқарушылар республикалық маңызы бар жолдарды неғұрлым ертерек пайдалана алуы үшін мамандар тиісті жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімнен бұрын орындауға тырысып жатыр. Осылайша Ақмола облысында жолшылар әуежайға кіру жолы (0-1+500 шақырым) бар «Көкшетау қаласының айналма жолын» Р-14 (0-1+960 шақырым) орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтады. Мердігер компания – «Көкшетау жолдары» ЖШС ресайклингілеу және асфальт-бетон қоспасынан жасалған жол жабындысын төсеу жұмыстарын орындады. Сондай-ақ, мамандар жолды таңбалап, жолдың қозғалыс бөлігінің эксплуатациялық сипаттамасын қалпына келтірді. Жол жабындысының жоғары қабатын төсеу кезінде жолшылардың беріктігі жоғары қиыршық тасты-мастикалық асфальт-бетонды қолданғандығын айта кету керек. Нысандағы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен үш айға ерте аяқталды. Жөндеуден өткен жол учаскелерінде қозғалыс та ашық. Еске салайық, биыл Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың 1,1 мың шақырымы жөндеуден өтпек.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны