USD
USD
USD

Көкшетаудың 800 метр биіктігінде өрт тұтанып, оны сөндіруге тікұшақ шығарылды

Ақмола облысында өрт сөндірушілер Көкшетау тауының биігінде тұтанған өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетаудың 800 метр биіктігінде өрт тұтанып, оны сөндіруге тікұшақ шығарылды
Фото: NEGE.kz

Ақмола, NEGE. «25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне «Бурабай» МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері анықталып жатыр.

Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды», - делінген ведомствоның жедел ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити