USD
USD
USD

Көкшетауда жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Сот Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Асхат Вазировқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетауда жер қатынастары саласының қызметкері алаяқтық әрекеті үшін сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 10 еселенген келтірілген залалдың сомасы, яғни 10 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

«Вазиров өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен қосымша жер учаскелерін жалға алу құқығын беруге жәрдем көрсету сылтауымен екі кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен жалпы сомасы 1 000 000 теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», - деді ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама