USD
USD
USD

Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды
Фото: NEGE.kz

Көкшетау, NEGE.   Ведомствоның мәліметінше, қарашаның 5-де сағат 16:47 шамасында «101» телефон желісіне Көкшетау қаласының Назарбаев даңғылындағы 5 қабатты жатақхананың бөлмесінде өрт шыққандығы туралы хабар түсті.

«Өртті сөндіруге дереу ТЖД жеке құрамынан 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 10 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала. Сонымен бірге, өз күшімен қауіпсіз жерге шықты. Өрт сағат 16:57 ауыздықталып, 17:02 сөндірілді. Қазіргі кезде, өрт техникалық-зерттеу жүргізіліп, өрттің шығу себептері анықталуда», - деді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі