Алматы, NEGE. Азамат кейін жалған полицейге бір миллион теңге берген. Жәбірленушінің айтуынша, ақшаны ол бопсалау арқылы алған. Полицейлер алаяқты ұстады. Оның мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
“Күдікті уақытша жұмыссыз 28 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өз әрекетін мойындады. Жеке тінту барысында күдіктіден полиция қызметкерінің жеке куәлігінің мұқабасы мен ақшалай қаражат тәркіленді”,- деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.