USD
USD
USD

Көкшетауда ұлы ақынға арналған әдеби орталық ашылды

Көкшетауда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай әдеби орталық ашылды.

Көкшетауда ұлы ақынға арналған әдеби орталық ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтулы шараның ашылуына жергілікті зиялы қауым және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен абайтанушылар қатысты. Әдеби орталық Көкшетау қалалық кітапханасының жанынан ашылды. Бұл шығармашылық идеяның жүзеге асуына Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау білдірген. Орталық жастардың Абайдың шығармашылығын зерттеп, насихаттауына септігін тигізбек.

«Орталықтағы кітап көрмесі 3 бөлімінен тұрады. Бірінші бөлім «Абайдың дүниетанымы» деп аталады. Онда Абайдың балалық шағындағы әдеби кітаптар мен ұлы ғалымдардың ұлы сөздерін оқуға болады. Ал екінші бөлімі «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деп аталады. Яғни, Абайдың шығармалары мен шешендік сөздеріне арналған. Үшінші - «Абай мұрасы мәңгілік» бөлімінде абайтанушылар мен зерттеушілердің ақын туралы жазған шығармаларымен және еңбектерімен танысуға болады», - дейді бөлім басшысы Айгүл Сәбитова.

Шара жас ақындардың ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқуымен аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева