USD
USD
USD

Көкшетауда өртенген көліктен табылған ер адамның кім екені анықталды

Көкшетауда өртенген көліктен табылған ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетауда өртенген көліктен табылған ер адамның кім екені анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 5-ші қарашасында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 33 жастағы тұрғынынан «Мерседес МL» автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түсті. Көлік иесіне келтірілген залал сомасы 3 миллион 200 мың теңгені құрады.

Осы дерек бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 200-бабы 3-бөлігі «Көлікті заңсыз иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ұрланған «Мерседес МL» автокөлігі Әуезов-Подгорная көшелерінің қиылысында Краснояр бағытында өртенген күйінде табылды. Жүргізуші бетон аялдамаға соғылып, сол жерде көз жұмды. Криминалистикалық есепке алу базасы бойынша қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол бұрын қылмыстық жауапқа тартылған, Нұрлы көш кентінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев