USD
USD
USD

Көкшетауда облыстың бұрынғы бас дәрігері сотталды

  Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты.

Көкшетауда облыстың бұрынғы бас дәрігері сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 жылға жуық тергелген қылмыстық іске бүгін нүкте қойылды. Сот облыстың экс-бас дәрігерін «Өзіне сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі мүлікті иеленді» деген айып тағып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Аталған іске қатысы бар жекеменшік клиника мен медициналық қондырғылар сатумен айналысатын компания директоры да осындай мерзімге сотталды. Олардың әрекеті «ұйымдасқан қылмыстық топ» деп бағаланды. Сотталушылар 2020 жылы пандемия кезінде тыныс алу аппараттарын сатып алуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырған. Нәтижесінде ауруханаға бұрын қолданыста болған ескі аппараттар мен медициналық төсек-жабдықтар алынған. Сол кезде аурухананың бас дәрігері болған Қасымжан Тәшметов, сот шешімі бойынша амнистияға ілігіп, жазадан босатылды. Дегенмен ол 25 млн теңге шығынды өтеуге міндеттеледі.

Әтімбек Жұмабеков, қалалық соттың судьясы:

– Ілиясов пен Молдантаева ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бап 4-тармағы бойынша айыпты деп танылып, екеуі де 8 жылға бас бостандығынан айрылсын. Жаза орташа дәрежедегі түзету мекемелерінде өтеледі. Сондай-ақ олардан 86 млн теңге мемлекетке келтірілген шығын алынсын. Молдантаеваның арам жолмен тапқан ақшасына сатып алынған Lexus автокөлігі де тәркіленсін.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.