USD
USD
USD

Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар бес жылға сотталды

Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар бес жылға сотталды, деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар бес жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «26 қазанда Көкшетауда қаржы пирамидасы туралы резонанстық қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған екі басшы әрқайсысы бес жылға бас бостандықтарынан айырылды», - делінген хабарда.

Барлығы 80 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген залал – Т30 млн. Сотталушылар сот үкімі бойынша зардап шегушілерге ақшаны қайтаруға міндетті.

Сотталушыларға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға 7 жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза тағайындалған.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов