USD
USD
USD

Көкшетауда әскери бөлімшенің 5 сарбазынан менингококк табылды

Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшесінің сарбаздары жаппай ауруханаға жеткізіліп жатыр. Олардың қызуы көтеріліп, басы ауырған. Сондықтан жауынгерлер инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Қазірдің өзінде науқас саны 44-ке жетті, деп хабарлады КТК. 

Көкшетауда әскери бөлімшенің 5 сарбазынан менингококк табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың бесеуінен менингококк бактериясы табылған. Дәрігерлердің айтуынша, біреуінің жағдайы тым ауыр.

Қазір әскери бөлімшенің сарбаздары қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға шықпайтын болған. Себебі бөлімшедегі басқа жауынгерлер де толық тексеруден өтіп жатыр.

Қазір әскери бөлімшеге жан-жақтан мамандар жиналып, жағдайды зерттеп жатыр. Бұған не себеп екені әзірше белгісіз. Қазірдің өзінде жұқпалы аурулар ауруханасында 44 сарбаз емделіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты