USD
USD
USD

Көкшетауда әкімдік түрмедегі адамға пәтер берген

Көкшетауда пара алғаны үшін сотталып, жазасын өтеп жатқан адамға әкімдік пәтер берген. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Көкшетауда әкімдік түрмедегі адамға пәтер берген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Облыста 23 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Бұл ретте әкімдіктер соңғы үш жылда 900-ге жуық пәтерді үлестірді. Тексеріс барысында заңсыз тұрғын үй берудің, сондай-ақ тұрғын үй беру негіздері тоқтатылғаннан кейін тұрғындарды шығармау бойынша 23 факті анықталды", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, облыс орталығында бұрын пара алғаны үшін сотталған және жазасын өтеп жатқан бюджеттік ұйымның бұрынғы қызметкеріне пәтер берілген.

“Тұрғын үйді заңсыз жекешелендірудің екі фактісі анықталды. Мәселен, облыс орталықтарының бірінде азамат жекешелендіруден жарты жыл бұрын басқа аймақта орналасқан өзіне тиесілі пәтерін сатып жіберген. Қадағалау актісі бойынша жекешелендірілген пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар