USD
USD
USD

Көкшетауда такси жүргізушісі мас күйде жолаушыларды тасымалдаған

Көкшетауда такси жүргізушісі мас күйде жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік жүргізушісі
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 24 қаңтарда полиция патрульінің назарын Chevrolet Cobalt автокөлігі аударды, оның жүргізушісі танымал такси қосымшасының сәйкестендіру жапсырмаларына қарамастан, жолда "дрифт" жасап, басқалардың өміріне қауіп төндірді.

Құжаттарды тексеру үшін полиция қызметкерлері бұл автокөлікті Уәлиханов көшесінде тоқтатты. Іс жүргізу барысында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ер адам мас күйде көлік жүргізгені анықталды, оны кейіннен медициналық сараптама растады. Бұзушылық анықталған кезде, көлік салонында екі жолаушы болды, олардың айтуынша, жүргізушінің мас күйде екенін байқамаған.

Ер адамның өзі 2 бөтелке сыра ішкенін мойындап, такси жүргізушісі ретінде жұмысын жалғастырғанын айтты. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Ақмолалық 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Айта кетейік, өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен Ақмола өңірінде 38 жол-көлік оқиғасы болып, 8 адам қаза тауып, 50-ден астам адам түрлі жарақат алған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым