USD
USD
USD

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

25 қарашада Көкшетау қаласындағы медициналық мекеме аумағынан 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

Полиция
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Куәгерлердің мәлімдеуінше, ер адам аурухана терезесінен құлап кеткен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, күз басынан бері бұл Көкшетау қаласында тіркелген үшінші оқиға болып отыр. 

Еске салайық, қыркүйекте Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің басшысы болған Аян Дүйсеков өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Отбасы Дүйсековтің соңғы айларда жұмыста моральдық және психологиялық қысымға ұшырағанын, небәрі бірнеше ай тұрған қызметтік пәтерінен мәжбүрлеп шығару мәселесі көтерілгенін айтып, осы жайттарды тексеруді талап еткен еді.

12 қарашада облыстық полиция департаменті NEGE-ге Аян Дүйсековке қатысты өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша іс жүргізу тоқтатылғанын хабарлады.

Ал қазан айының аяғында Аян Дүйсековтің әріптесі Көкшетауда облыстық сот жүйесінің бас маманы болып қызмет атқарған Ақан Дайыркеннің мәйіті табылды. NEGE дереккөзінің айтуынша, Ақан Дайыркен осы оқиғадан бір айдан астам уақыт бұрын Аян Дүйсековтің мәйітін алғашқылардың бірі болып тапқан. Дүйсековтің жесірінің айтуынша, қаза болған азаматтар дос болған.

Облыстық полиция қызметі Ақан Дайыркеннің өліміне қатысты іс өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов