USD
USD
USD

Көкшетауда мемлекеттік тұрғын үй салу кезінде 211 млн теңге жымқырылған

Қаржылық мониторинг агенттігі Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Құрылыс, Астана
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы желтоқсанда «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» ММ мен «Айдана-ИК» ЖШС арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде сомасы 1 млрд теңгеден асатын келісімшарт жасалған.

Мердігер жалған шарттар ұсынып, тапсырыс берушіден 211 млн теңге көлемде аванс алған, алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмай, нысандар пайдалануға берілмеген.

«Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылған», – делінген ҚМА хабарламасында.

Күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай

Құрылтай депутаттары волонтерлікті дамытуды парламенттік деңгейде қолдауды ұсынды

Құрылтаф делегациясы