USD
USD
USD

Көкшетауда кәсіпкерден 6 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Көкшетауда бопсалаушылар тобы құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақмола облысының құқық қорғау органдары қылмыстың алдын алу бағытында тағы бір маңызды операция жүргізді. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері ақпан айында Көкшетау қаласында кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен екі бопсалаушыны ұстады.

Тергеу барысында күдіктілердің жергілікті кәсіпкерден 6 миллион теңге бопсалағаны анықталды. Олар заңсыз жолмен пайда табуды көздеп, жәбірленушіні психологиялық қысымға алған. Ақша қолдарына түспегенімен, олар жәбірленушіге тиесілі бірнеше телефон мен кеңсе техникасын иемденіп кеткен. Бұл заттар кейін тергеу барысында айғақ ретінде тәркіленді.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, күдіктілерді қамауға алды. Жедел уәкілдердің мәліметінше, олардың бірі бұрын да бірнеше рет сотталған. Тіпті, 2021 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан. Алайда түзелудің орнына қайтадан қылмысқа барды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар