2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Көкшетауда екі студенттен 15 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Ақмола облысында полицейлер шамамен 15 миллион теңгенің шегілмейтін темекі өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Вейп
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Көкшетау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары шегілмейтін темекі өнімдерінің, олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты деректі анықтады.

Есірткі қылмысына қарсы күрес қызметкерлері жергілікті колледждің екі студентін ұстады. Олардың бірі 10 дана электронды темекіні үйінде сақтаған, ал екіншісінің үйінен 970 дана өнім табылды. Полиция қызметкерлері тыйым салынған тауарларды жоюға тырысқан студенттің әрекетінің алдын алды.

Ұсталған 20 жастағы жас жігіт тәркіленген электронды темекілерді саудалау арқылы шамамен 15 миллион теңге пайда табуды көздегенін мойындады.

Қазіргі уақытта екі факті бойынша ҚР ҚК 301-1-бабы (Шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен олар үшін сұйықтықтардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Полиция бұл өнімдерді сату мен тарату әрекеттері 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салуға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуға әкелетінін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті