Референдум Референдум
USD
USD
USD

Көкшетауда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Көкшетауда бопсалау дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Көкшетау қаласының полицейлері бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Құқық қорғау органдарына қалада жеке такси жүргізушісі хабарласып, белгісіз адамдардың жүйелі түрде ақша талап етіп, қорқытып жүргенін мәлімдеді.

Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күш қолдану және зәбір көрсету арқылы бірнеше рет ақша бопсалаған. Қылмыстық жағдай туралы хабарлама келіп түскен бойда жедел іздестіру шаралары қолға алынып, полиция қызметкерлері бірқатар жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде құқық бұзушылардың әрекеті бейнематериалдар арқылы дәлелденіп, жәбірленушіге ақша берген сәтте олар қылмыс үстінде қолға түсті. Күдіктілер – 29 және 24 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты.

Олардың екеуі бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға, сондай-ақ қандай да бір бопсалау әрекеттері туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады. Заң алдында әркім өз ісі үшін жауап береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда