USD
USD
USD

Көкшетау қайта жабылады

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина ақмолалықтарға шұғыл үндеу жасады. 15 маусым күні сағат 20:00-ден бастап Көкшетау қаласының аумағына қайтадан 7 блокбекет қойылады.

Көкшетау қайта жабылады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Сонымен бірге азық-түлік, тұрмыстық химия бұйымдарын сататын сауда орындарының, өзге де дүкендердің, спорт нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарының, діни мекемелердің жұмыстары шектеледі. 

Шұғыл хабарламада бұл шара облыс орталығындағы коронавирус індетімен байланысты жағдайдың ушығуының салдарынан қолға алынғаны туралы хабарланған. Мониторинг тобы бұған қала тұрғындарының өзінің және өзгенің денсаулығына немқұрайлы қарауы себепші деп санайды. 

«Туған күн, той тойлау, ас беру секілді кісі аяғы көп жиналатын шаралар жаппай етек алып кетті. Кей мекемелер санитария талаптарын сақтамайды. Барлық анықталған ереже бұзу дерегі бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Соңғы аптада Көкшетау қаласында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 80%-дан асып кетті. Анықталған 42 науқастың 15-де ауру белгісі анықталды, қалған 27-сі - симптомсыз»,- делінген хабарламада.
Осыған байланысты 15 маусым күні, сағат 20:00-ден бастап Көкшетау қаласының шетіндегі 7 блокбекет қайта істейді. Құзырлы орындар қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң сақтауға, адам аяғы көп жүретін орындарға мүмкіндігінше бармауға шақырды. 

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі