USD
USD
USD

Көкшетау аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды

14 желтоқсанда "WhatsApp" мессенджерінің "Көкшетау экскаваторлары" топтық чатында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны жер қазу жұмыстары кезінде табылған миналардың суреттерін жариялаған, деп хабарлады Полицияның телеграм каналы. 

Көкшетау аумағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі миналар табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлеріне экскаватор жүргізушісі облыс орталығының аумағындағы құрылыс учаскесінде жер қазу кезінде гидромолотпен 6 дана көлемінде тот басқан миналарды қазып шығарғанын айтты. Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында "құпия" деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған, ол аталған жер жұмыстары жүргізілетін аумаққа орналастырылған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық