USD
USD
USD

Қатты жел мен нөсер салдары: Түркістанда электр желілері зақымданып, шатырлар ұшты

Түркістан облысында қатты жел мен нөсер жауын салдарынан электр желілері зақымданып, ағаштар құлап, бірқатар ғимараттардың шатырлары ұшып кеткен.

Шымкент
Фото: Оңтүстік жарық

АЛМАТЫ, NEGE. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 110/35/10 кВ кернеулі әуе электр желілерінде апаттар тіркелген. Бірқатар елді мекендерде уақытша электр қуатының өшуі байқалды.

Мамандардың мәліметінше:
«Төтенше жағдайдың салдарын жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін барлық қажетті күштер мен техника жұмылдырылды. “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің апаттық-қалпына келтіру бригадалары күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде», — деп хабарлады мекеме өкілдері.

Қалада ауа температурасы төмендеді, алдағы күндері найзағаймен бірге жаңбыр жаууы мүмкін деп болжануда.

Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат