USD
USD
USD

Көкпар тартқан 8 адам жазаланды

Алматы облысының полициясы автожол үстінде көкпар тартқан 8 адамды жауапкершілікке тартты.

Көкпар тартқан 8 адам жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерді тұрақты мониторингілеу барысында Қарасай ауданындағы автожол бойында бір топ адамның ат бәйгесін ұйымдастырған бейнежазбасы анықталды.

Бейнежазбада 20-30 адамнан құралған топ жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, «Алматы-Бішкек» автожолы бойында, Қарасай ауданының Бұлақты ауылының маңында рұқсатсыз көкпар ұйымдастырған.

Полиция қызметкерлері жолда жарыс ұйымдастырушыларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдады. Нәтижесінде көкпар ұйымдастырған және оны тартуға атсалысқан Бұлақты кентінің сегіз жергілікті тұрғыны ұсталды.

Барлық аталған тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес «ұсақ бұзақылық» дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Олжас Бектенов

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Бағдаршам

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

карсити

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев