USD
USD
USD

Көкпар жарыстары жаңа форматта өтетін болады

Шымкентте көкпар жарысынан ішкі біріншілік өтіп жатыр. Биыл ұлттық спортымыздың бұл түріне біраз жаңашылдық енгізілген.

Көкпар
Фото: azattyq-ruhy.kz

Алматы, NEGE. Атап айтар болсақ, жарысқа қатысатын аттарға чип орнатылып, осы ретте арнайы электронды база құрылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұдан былай көкпар жарыстарының форматы жаңаша жаңғыратын болады. Қазір Шымкентте ерлер арасында жылдың басты бәсекесі – Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Жалтылай финалдық кездесулердің нәтижесінде Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының командалары сарапқа салатын болып шешілді. Қазіргі таңда басым түскен төрт команда өзара мықтыны анықтап жатыр.

Қазылар алқасы биылғы жарыстың деңгейі өскендігін алға тартты. Дейтұрғанмен, жарыстың бас төрешісі әлі де толықтыруға тиіс тұстарын  айтып өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, әр топтан бір-бір команда шығады. Ал алдағы жылдан бастап әр топтан екі команда жасақтап, солардың жартылай финалда бағын сынасақ дейміз. Себебі, бір жеңіліспен ойын деңгейі төменге түсіп кетеді. Бұл неше ай бойы көрген дайындықтарын сәтсіздікке ұшыратады. Сондықтан әр топтан екі команда шығатын жүйеге келтірсек, көкпар бұдан да қызықты әрі тартысты өтпек. Сондай-ақ ұлттық спорт түрінің дамуына зор мүмкіндік ашылады деген ойдамын», – деді жарыстың бас төрешісі Жаныс Саев.

Айта кетейік, қазіргі таңда көкпар жарысы цифрландыру жүйесіне көшіп жатыр. Осы орайда арнайы электронды база жұмыс жұмыс жасайды. Көкпар федерацияның мамандары да ұлттық спорт түрінің бұл түрін кеңінен насихаттауды көздеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев

«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті

Тоқаев

2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев

Мәди Такиев

Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады

Бибісара Асаубаева