USD
USD
USD

Қоқыстан табылған сәбидің анасы ұсталды

Қарағанды қаласының 22 жастағы тұрғыны жаңа туған нәрсетесін өлтіруге әрекет істеді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайд

Қоқыстан табылған сәбидің анасы ұсталды
Фото: NEGE.kz

ы tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Қарағанды полицейлері 3 сәуірде Майқұдықтағы қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы болуы мүмкін келіншекті анықтап, ұстады. Ол 22 жастағы қала тұрғыны.

"Полиция департаментінің басшылығы сәбидің анасы анықтау үшін криминалдық полиция мен жергілікті полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағытталды. 6 сәуірде облыстың криминалдық полиция, Қарағанды қаласының полиция басқармасы мен Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізу нәтижесінде жаңа туған баланың анасы, 22 жастағы келіншекті тапты", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Полицейлер тергеу жүргізіп, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта нәресте облыстық перинаталдық орталықта жатыр. Баланың денсаулығы жақсы. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылған еді. Ол медициналық мекемеге жеткізілген болатын.

 

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu