USD
USD
USD

Қоқыстан табылған әйел мәйіті: Оны өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкентте денесі қоқыстан табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.

Қоқыстан табылған әйел мәйіті: Оны өлтірді деген күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полициядағылар күдіктіні куәгерлердің берген жауабы мен бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Күдікті 1970 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты. Полициядағылардың хабарлауынша, күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1 тармағы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы құрылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Айта кетейік, қоқыстан табылған әйел 35 жаста болған. Оның мүрдесін жергілікті тұрғындардың бірі кездейсоқ тауып алыпты. Қоқыстан нан қалдығын көрген әйел оны үй жануарына алмақ болады. Сонда әйелдің мүрдесі салынған сөмкені байқайды. Мәйіт көрпеге оралып салынған. 
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің бет-аузы қан-жоса, соққыға жығылғаны байқалады.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов