USD
USD
USD

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Абай облысында қоқыстан табылған сәбидің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Баланың анасы екі жылға бас бостандығынан айырылғанымен, рақымшылыққа байланысты жазадан босатылды. Ал екінші айыпталушы – ер адам өмір бойына сотталды.

Сталкинг
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Биыл ақпан айында Семейде қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылған болатын. Тергеу барысында 2005 жылы туған қыздың үйінде жасырын босанғаны анықталды. Іс бойынша екінші айыпталушы – 2000 жылғы жігіт. Сот барысында айыпталушы қыз бен жігіт бұрын полиция органдарында жұмыс істегені анықталды.

Жігіт ораулы баланы көлігімен Ломоносов көшесіне апарып, қоқыс контейнеріне тастап кеткен. Бастапқыда қыз баланың өлі туғанын айтқан. Алайда тексеру барысында нәрестенің тірі туғаны, кейін үсіп қайтыс болғаны анықталған.

Абай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты бұл іс бойынша 15 қазанда үкім шығарды.

Сәбидің анасы Қылмыстық кодекстің 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда 2026 жылғы 1 шілдедегі рақымшылық туралы заңға сәйкес, ол жазадан босатылды. Сондай-ақ ол полиция кіші сержанты арнайы атағынан айырылды.

Ал ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол полиция аға лейтенанты атағынан айырылды.

Айыпталушылар өз кінәсін мойындамады. Алайда сот олардың кінәсі іс материалдарында жинақталған дәлелдер жиынтығымен расталады деген қорытындыға келді. Істі қарау барысында SMS-хабарламалар, WhatsApp мессенджеріндегі хат алмасулар, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде алынған айғақтар, сот сараптамаларының қорытындылары мен сарапшылардың сотта берген жауаптары зерттелген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Астана кәсіпкерлер палатасының басшысы өзге адамның ЖСН-і арқылы бәс тікті деген айыптауға жауап берді

Қанат Әлин

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі