USD
USD
USD

Қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру маңызды

Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 

Қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастыру маңызды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Сонымен бірге аудан әкімі аппараты ауданда құрылған экологиялық полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағындағы шағын аудандарда рейдтік іс-шаралар өткізуде. Аталған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоқыс тастамау мәдениетіне баулу. Яғни, санамызға тазалық мәдениетін сіңіру – күн тәртібінде тұрған ең басты мәселенің бірі болып тұр. Кезекті түнгі рейдтік шара барысында көпқабатты үй аулаларында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар аудан аумағындағы барлық елді мекендерде жүргізілетін болады.

Құрметті тұрғындар! Қоқысты тастамау – біздің мәдениетімізді арттырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын компаниялардың қызметкерлерінің басым бөлігі бұл біздің ата-аналарымызбен замандас жандар... Сондықтан, қоқысты тастардан бұрын оны тазалаушы жандардың еңбегін бағалауды еске сақтауды сұраймыз! Қаратау ауданының құрамына 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алаб кіреді. Онда 1272 көше бар болса, оның 97-сі орталық көшелер. Айта кетейік, аудандағы көпқабатты үйлерге жалпы 67 қоқыс алаңшасы қойылған. Тасымалдаушы мекемелер кесте бойынша күніне 2 рет қоқыс тасымалдап, оны Ақтастағы қоқыс полигонына алып барады. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам